29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыAmanVibe Telegram каналы белгілі бизнесмен Тұрсын Алагөзовтың футбол клубын сатып алуы мүмкін екенін хабарлады.
Инсайдерлердің ақпаратына сай, бизнесменге бірінші лигада өнер көрсететін «Жайық» клубын сатып алу туралы ұсыныс түскен. Әзірге Тұрсын Алагөзов тарапынан ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.
Былтыр Мемлекет басшысының бұйрығымен мемлекеттік бюджетті үнемдеу және клубтарды коммерциялық негізге көшіру мақсатында қолға алынған жүйелі процесс басталды. Сөйтіп, төрт бірдей клуб жекеменшікке өтті. Жекешелендіру клубтарды жеке қолға берумен шектелмей, инвесторлар футбол клубының жанынан балаларға арналған футбол академиясын ашуға міндеттелді. Қазір бірнеше клуб осы жүйе бойынша жұмыс істеп жатыр.
«Жайық» клубы қазір бірінші лигада екінші орында тұр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек