2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕліміздегі мемлекеттік электронды реестрдің дерегіне сәйкес, «Е-лицензиялау» порталында 11 914 турагент пен 634 туроператор тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының реестрі орналастырылған.
Саяхатшы туристік компанияларға жүгінген кезде турагенттің қызметі туралы хабарламаны және туроператордың лицензиясы бар-жоғын тексере отырып, барлық қажетті құжатты талап етуге құқылы.
Тұтынушыларды қорғаудың негізгі құралының бірі – туристік код. ТурКод – бұл әріптер мен сандардан тұратын бірегей код, оны тексеру арқылы турист туроператордың ұшу мен тұру шығындарын қабылдаушы тарапқа және әуе компаниясына төленгеніне көз жеткізе алады. Бұл бірегей механизм туроператордың өз міндеттемелерін орындай алмауы немесе төтенше жағдайлар/оқыс оқиғалар орын алған жағдайда туристердің елге қайта оралуын кепілдендіреді.
Бұл шаралар туристік саладағы ашықтықты арттыруға, тұтынушылардың құқығын қорғауға және отандық туристік компанияларға деген сенімді нығайтуға бағытталған.
Лицензияланған туроператорлар мен тіркелген турагенттердің өзекті тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова