18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха жазаны қатаңдату тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтпағанын айтты. Оның сөзінше, жағдай баз-баяғыдай өзекті күйінде қалып отыр. Ол мұның бірнеше себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сот ісі бюрократияланған. Жәбірленуші сотқа дәлелдемелерді өз бетінше ұсынуға, сондай-ақ қылмыскерлер мен куәгерлерді сот процесіне жеткізуге мәжбүр болған парадоксальді жағдайлар кездеседі. Шын мәнінде, бұл шарттарды орындау мүмкін емес, өйткені отбасылық-тұрмыстық қатынаста жәбірленуші агрессорға қаржылық, психологиялық, физикалық жағынан тәуелді, - деді Лепеха.
Оның сөзінше, полицейлер мұндай істерді жүргізу соттың ғана құзыретінде деп, арыз-шағымды қабылдамай қойған кездері де болған.
Ол сондай-ақ айыппұлдың ауыртпалығын зорлық көрсеткен адам ғана емес, отбасы мүшелері де тартатынын айтты.
Әдетте отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алкоголь, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі сияқты бірқатар әлеуметтік мәселе әсер етеді. Осыған байланысты айыппұл (200 АЕК-ке дейін немесе 500 мың теңге) бір ғана адамға емес, бүкіл отбасына ауырлық салады, - деді ол.
Сондай-ақ қылмысты жасаушы отбасы мүшесі болғандықтан, қылмыс ашылмай қалып жатады.
Оның үстіне отбасының бір мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тарту жағдайды жасыруға алып келеді, - дейді Лепеха.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр