22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлексей Навальный серуендегеннен кейін бірден есінен танып, өзін нашар сезінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Жедел жәрдем дәрігерлері саясаткердің қайтыс болғанын айтты.
16 ақпанда № 3 түзеу колониясында сотталған Алексей Навальный серуендегеннен кейін бірден есінен танып, өзін нашар сезінді. Мекеменің медицина қызметкерлері дереу келіп, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді, олар оң нәтиже бермеді. Жедел медициналық көмек дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын айтты. Өлімнің себептері анықталуда, - делінген Ресейдің Ямало-Ненец автономиялық округі бойынша федералды жазаны орындау қызметі басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, 2020 жылдың тамыз айында Навальный «Новичок» улы затымен уланып, ұзақ уақыт комда жатты. Оны емдету үшін Германияға алып кетті. Ол 2021 жылдың басында толық емделіп, Ресейге қайтқан кезде, оны әуежайдан ұстап, Мәскеудегі тергеу абақтысына алып кеткен.
24 наурызда саясаткердің адвокаттары оның денсаулығы күрт нашарлап кеткенін айтқан. Бірақ сол күні Жазаны атқару федералды қызметі Навальныйдың медициналық тексеруден өткенін, денсаулығы жақсы екенін мәлімдеген.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев