Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысының полицейлері түнгі клубта жұлысқан қыздарға қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі клубта болған жайтты дәрігерлер полицияға 27 жастағы қыз түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгеннен кейін хабарлаған.
Көп ұзамай полицейлер қыз қаладағы клубтардың бірінде болған жанжал кезінде жарақат алғанын анықтады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қыздардың бірі билеп жүріп, екіншісін абайсызда итеріп жіберген. Қыздар арасындағы ұрыс-керіс соңы қақтығысқа ұласқан.
Полицейлер бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі іс-шараларды бастады.
Сондай-ақ 31 жастағы әйел де анықталды, қазір оның осы жайтқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұған қоса полиция қызметкерлері оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді