Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркияда бүкіл ел аумағында мемлекеттік тулар жартылай түсірілді, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл елде жарияланған жалпыұлттық аза тұту күндерінің басталғанын білдіреді.
Түркия басшысы елдің оңтүстік-шығысында орын алған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жариялаған болатын. Мемлекеттік тулар бүкіл Түркия аумағы мен елдің шетелдегі өкілдіктерінде жексенбі, 12 ақпан күні күн батқанша жартылай түсіріледі.
Түркияның оңтүстік-шығысында кеше жеті балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны уақыт өткен сайын көбеюде. Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзала құрбандарының саны 2,3 мыңнан асты.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер