20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркияның Бурса провинциясында орман өрттері таралып, қауіпті жағдай тудырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Report-қа сілтеме жасап.
Бурса провинциясының Гюрсу және Кестель аудандары аралығында басталған орман өрті желді ауа райының әсерінен күшейіп барады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, өртке жақын орналасқан бірнеше ауылдан тұрғындарды эвакуациялау басталды. Өрт тұрғын үй аумақтарына қауіп төндіріп, Карахыдыр және Ығдыр ауылдарын жалын шарпыған.
Бурса муниципалитеті халыққа өрт қаупі туралы ескертті. Қазіргі уақытта Карабюк-Анкара автожолы екі бағытта да жабылды.
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, өртті сөндіру үшін шаралар қабылданып жатыр. Оған өрт сөндіру бригадалары, орман шаруашылығы қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, бірақ тұрғын аудандарға қауіп төніп тұр. Сондай-ақ, Карабюк, Ушак және Кахраманмараш провинцияларында да орман өрттері өршіп тұр. Карабюкте шамамен 20 ауылдың тұрғыны эвакуацияланды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?