Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті республиканың аумағына АҚШ долларларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды.
Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Түркия Республикасының Құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған.
Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600 сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды және тәркіленді.
ҚМА Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ ел қонақтарын айырбастау операциялары кезінде қырағылық таныту қажеттігі және оларды тек банктердің мамандандырылған пункттері мен бөлімшелерінде ғана жүзеге асыру керек екені туралы ескертеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары