Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 35,4 мыңнан асты, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен 35 418 адам қайтыс болған. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған республикасының министрлер кабинетінің отырысы қорытындысында бейнеүндеу арқылы мәлімдеді.
Жиналыс Анкарадағы түрік ТЖ салдарын жою басқармасының (AFAD) штаб-пәтерінде өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда зілзаладан жараланған 13 208 адам ауруханаларда емделіп жатыр. Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстарына 250 мың мемлекеттік қызметкер жұмылдырылған. Президент жер сілкінген аудандардағы іздеу-құтқару жұмыстары үйінді астындағы тірі адамдарды құтқарғанша жалғасатынын айтты.
Сондай-ақ мемлекет басшысы келесі айдан бастап Түркия билігі жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 30 мың үйдің құрылысына кірісетінін жеткізді. Қазіргі сәтте апаттан зардап шеккен 1,6 млн адамның баспанаға мұқтаждығы қанағаттандырылған.
Жер сілкінісі аймағында 175 мыңнан астам шатыр, контейнерлік типтегі 5,4 мың үй орнатылды, - деді Ердоған.
Зілзала болған аймақта 28 мың түрік әскерилері кезекшілік атқаруда.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер