20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекWhatsApp-та Түркиядағы жойқын жер сілкінісі қолдан жасалғанын дәлелдейді делінген видео тарады. Бұл туралы сюжет түрік телеарналарының бірінде көрсетілді. Бұл – шындыққа жанаспайды,, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
«Іс жүзінде таралған видео 2022 жылдың қараша айында Түркияның бірқатар аудандарында 6.1 баллдық жер сілкінісі болған кезде түсірілген роликтерден тұрады. Қазір таратылып жатқан видео үзінділері елдің екі түрлі бөлігінде түсірілген. Ауласы жарықтандырылған үйдің видеосы Дюздже қаласында түсірілген. Екіншісі, көп машиналар көрсетілген ақ-қара түсті видео Биледжиктегі Оклуджа ауылында түсірілген», - деп жазады Stopfake.
Екінші видеода көкжиекте жарық жарқылдайды. Анықталғандай, бұл жер сілкінісінің қолдан жасалғандығының дәлелі емес.
«Ерекше құбылысқа нақты түсіндірме жоқ болғанымен, ол қастандық теориясының дәлелі бола алмайды.
Біріншіден, жарық жарқылдай бастаған кезде жерасты дүмпулері болып жатқан еді. Демек, керісінше, жыпылықтаған жарық жер сілкінісінен немесе оның салдарынан туындаған.
Екіншіден, әлемде күшті жер сілкінісін қолдан жасайтын технология жоқ.
Сонымен қатар конспирологтар HAARP жүйесі жер тербелісін тудыратын құпия қару болуы мүмкін деген идеяларды бірнеше рет алға тартқан еді. Шын мәнінде, Аляска университетіне тиесілі бұл жүйе жердің ионосферасын бақылауға арналған. Ол ауа райына, тектоникалық плиталардың қозғалысына және басқа табиғи құбылыстарға әсер ете алмайды.
Қорыта айтқанда, Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалмаған. Ал таралған видео – бұл мәлімдемені дәлелдемейтін ескі роликтер топтамасы», - деп қорытындыланған сайтта.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?