20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркияның оңтүстігінде болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезар мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, 15 834 адам жарақат алған. Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адам аман шығарылғанын мәлім етті.
Сондай-ақ 338 мың адам жатақхана, университет пен түрлі орналастыру орындарына жайғастырылғанын айтты.
Президент Режеп Тайип Ердоған Түркияда жеті күнге жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Ел аумағында барлық Мемлекеттік тулар түсірілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, кеше Түркияның оңтүстік-шығысында бір тәулік ішінде магнитудасы жеті балдан жоғары екі жер сілкінісі (жергілікті уақытпен 04:17-де – 7,7 балл, 13:24-те – 7,6 балл) болған еді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?