Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЭпицентрі Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жер сілкінісінен мерт болғандар саны 42 310 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп мәлімдеді Анадолы агенттігі.
Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элязыг провинцияларында көптеген адам шығыны тіркелді.
Апат аймағынан эвакуацияланғандар саны 448 018 адамға жетті.
Қазіргі уақытта апат аймағына AFAD, Түрік қарулы күштері, жағалау күзеті, өртке қарсы қызмет, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ халықаралық құрылымдарды қосқанда 14 740 қызметкер жұмылдырылған.
Жалпы, жер сілкінісі болған аймақтарда 242 392 адам, оның ішінде полиция, жандармерия, жедел жәрдем бар.
Қоқыс шығаруға 13 700 техника жұмылдырылды.
Ұлттық қорғаныс министрлігі мен жағалау күзеті қолбасшылығы қызметкерлерді тасымалдау, гуманитарлық көмек және халықты эвакуациялау үшін барлығы 38 кеме бөлді.
301 289 шатырды орнату аяқталды. Сондай-ақ, облыста 6375 модульдік үй құрылған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер