Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБұл көрме Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің, Түркі тарихы және мәдениеті қорының ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздігі күніне орай өткізіл жатыр.
Іс-шараға Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Гөкхан Йазгы, Түркиядағы өзге мемлекеттердің Елшілері мен дипломаттары, Түркияның зиялы қауым өкілдері, академиктер мен тарихшылар қатысты.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында осы көрменің көптеген экспонаттарын тапқан атақты археолог Зайнолла Самашевтің түрік тіліндегі «Көне түрік бейнелеу өнері» кітабының тұсаукесері өтті.
Өткен жылы Кембридж университетінің Фитцуильям музейінде өткен бұл көрме әлемдегі үздік көрмелердің бестігіне еніп, тарих, өнер және мәдениетті пір тұтушылардың көпшілігін елең еткізгені белгілі. Енді міне Түркия халқы қазақтың бай археологиясымен танысып, тарихи мол мұраның аманатын арқалаған ел болғанына көз жеткізіп отыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер