Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,3 магнитудасымен зілзала тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 08:45-те тіркелген.
Эпицентрі Оникишубат ауданында орналасқан. Ошағы 6,94 шақырым тереңдікте жатыр. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.
Ақпан айында болған табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.
Соңғы ресми деректерге сәйкес, табиғи апат 50 096 адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті.
Сейсмикалық белсенділік Орта Азияда байқалып жатыр.
21 наурызда Кахраманмарашта 4,1 магнитудасымен жер сілкінді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер