20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүріктердің Эрзурум қаласында XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары басталды. Дүбірлі додаға 36 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатыспақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыста тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал және керлинг спорт түрлерінен 34 комплект медаль ойнатылады.
Қазақстанан осы қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан 26 спортшы қатысады.
Биыл Қазақстан Республикасы қысқы Сурдлимпиада ойындарына осымен үшінші мәрте қатысқалы отыр. Спортшыларымыз жарыстың алдында Щучинск және Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, қысқы ойындарға тыңғылықты дайындықпен келді. Ұлттық құрама үшін алғашқы сайыс ертен блиц шахматтан және шаңғы жарысынан басталады. Спортшыларымыз аталмыш додада лайықты өнер көрсетіп, ел қоржынын Сурдлимпиада ойындарының медалімен толықтырады деп сенемін,- деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директорының орынбасары Өмірзақов Әділхан Болатханұлы.
Сурдлимпиада ойындарының ашылу рәсімінде еліміздің туын шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сұлтан Қожахметов ұстап шықты.
Бұл менің алғашқы Сурдлимпиада ойындарым. Осындай үлкен жарыста еліміздің туын ұстап шығу мен үшін мәртебе. Сенім артқан Спорт комитетіне, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына, Ұлттық Сурдлимпиада комитетіне және барлық қазақстандықтарға алғысымды сөзбен емес, іспен дәлелдеуге тырысамын», - деді Сұлтан Қожахметов.
Сурдлимпиада ойындарына есту қабілеті зақымданған спортшылар қатысады. Аталған қысқы ойындар 12 наурызға дейін созылады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?