Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгін Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғы курортында орналасқан Grand Kartal қонақүйінде өрт шығып, 66 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен бірге төтенше оқиға салдарынан тағы 51 адам жарақат алған. Өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3:30 шамасында қонақүйдің мейрамханасынан шыққан. Сол уақытта қонақүйде 234 қонақ демалып жатып, олардың кейбіреулері терезе арқылы сыртқа шығуға мәжбүр болған. Сондай-ақ, апат кезінде өрт дабылы жүйесі іске қосылмағаны айтылды.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая өрттің себебі әлі анықталып жатқанын атады. Қонақүйдің жартас жақ беткейде орналасуы өрт сөндірушілердің жұмысына қиындық тудырған.
Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлуның мәліметінше, жарақат алғандардың біреуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 17 адам ауруханадан шығарылған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?