Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркияның Хатай провинциясында кеше болған жер сілкінісінен 300-ге жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлім етті.
«Бүгін кешке Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Өкінішке қарай, оның ішінде 18 науқастың жағдайы ауыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар Адана және Дертиол қалаларына жеткізілді. Біздің барлық далалық ауруханалар пациенттерімізге тиісті қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр», - деп жазды министр Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, Хатай университетінің медицина факультетінде және Искендерун мен Рейханлы мемлекеттік ауруханаларында жатқан жалпы саны 95 пациент екі жаңа жер сілкінісінен кейін сақтық шарасы ретінде Адана мен Дертиол ауруханаларына ауыстырылған.
AFAD агенттігі Хатай провинциясында бүгін болған зілзаладан соң хабарланған теңіз деңгейінің көтерілуі туралы ескертудің күші жойылды деп отыр.
Бұған дейін дүйсенбі күні Хатай провинциясының Дефне ауданында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер