20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркияның солтүстік-батысында Чанаккале провинциясында 11 сағаттан бері орман өртеніп жатыр. 1 104 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақпаратың хабарлауынша, Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы өртті әзірге бақылауға алу мүмкін болмай отырғанын хабарлады және билік барлық жағдайға дайындалып жатыр. Қазір алты ауыл эвакуацияланды, тағы үш ауыл эвакуацияға дайын. Өрт 1500 гектарды шарпыған. 7 үй толық өртеніп, 48 адам ауруханаға жатқызылды.
Түркия көлік және инфрақұрылым министрлігі орман өртіне байланысты Чанаккале-Кепез ауданында оңтүстік-солтүстік бағытқа жүзетін кемелер қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Қозғалыс екі бағыттан бір бағытқа айналды.
«Өрт теңіз жағалауын шарпыған жағдайда Жағалау қауіпсіздігі бас басқармасының сүйреткіштері көмек көрсетуге дайын тұр», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?