20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЫстамбұлда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қойылым премьерасы Ататүрік мәдениет орталығында өтті.
Көптеген елдің шығармашылық өкілдерін біріктірген жаңа ұлттық опера мәдени өмірдегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Операны дайындау барысында Алтын Орда тарихы бойынша белгілі ғалымдар — Ильнур Миргалиев, Ілияс Кемалоглу және Нұрлан Атығаевпен кеңестер алынып, тақырып егжей-тегжейлі зерделенген. Тарихи нақтылық сақталған.
Екі күн ішінде қойылымды 4080 адам тамашалап, орта ғасырдың ең ірі мемлекеті – Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасады. Қалың көрермен маңызды тарихи оқиғалар мен ерекше сәттерді сезіне алды.
Қойылымға барлығы үш жүзден астам опера, хор, балет әртістері қатысты. Театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуі, сахнаның түрленуі, жарық эффектілері мен бейнепроекциялар көрерменді ерекше әсерге бөледі.
Айта кетейік, «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы 2024 жылдың 29, 30 қарашасы және 1 желтоқсанында Алматы қаласында өткен еді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?