Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркия Сомали аумағында ұлттық ғарыш бағдарламасын қолдауға арналған ғарыш айлағын салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды бастады. Бұл туралы Baykar компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Селчук Байрактар мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, зымыран тасығыштарды ұшыру үшін ғарыш айлағы мұхитқа жақын орналасуы тиіс. Ал Сомалидегі таңдалған аумақ осы талаптарға толық сай келеді.
Ғарыш айлағы әдетте мұхитқа жақын болуы қажет. Сомалиде Түркияның 30 шақырымға 30 шақырым болатын қолайлы жері бар. Мұндай алаңдар әлемде бар-жоғы 12 ғана. Мемлекет бұл аумақта ғарыш айлағының құрылысын бастап кетті, — деді Байрактар Стамбұлда өткен Take Off технологиялық форумында.
Селчук Байрактар Түркияның спутниктік және навигациялық технологияларды дамытуға айрықша мән беріп отырғанын атап өтті. Соның ішінде ел өзіне тиесілі жаһандық орналасу жүйесін құру жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жүйе Ulug Bey деп аталады.
Жоба атауы XV ғасырда өмір сүрген көрнекті мемлекет қайраткері әрі ғалым Ұлықбек есімімен байланысты. Ол — Әмір Темір әулетінің өкілі, әйгілі қолбасшы Темірдің немересі. Ұлықбек математика мен астрономия ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, Самарқан маңында ірі обсерватория салдырған тұлға ретінде тарихта қалған.
Түркия билігі жаңа ғарыш айлағы елдің зымыран-тасығыш мүмкіндіктерін кеңейтіп, спутниктерді тәуелсіз ұшыру әлеуетін арттырады деп есептейді. Бұл жоба Түркияны ғарыш саласындағы технологиялық тұрғыдан дербес мемлекеттердің қатарына жақындата түспек.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер