Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Бешикташ» клубының қазақстандық ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті. Салдарынан отандасымыздың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келді. Ойыншы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Зайнутдинов матчтың 41-минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Бұл ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 17 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариномен ойнаса, 21 қарашада сыртта Словениямен кездеседі.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер