Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі мемлекеттері азаматтарының ел аумағында жұмыс істеуін едәуір жеңілдететін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құжат ресми Resmî Gazete басылымында жарияланып, күшіне енді. Ол «Түркітілдес шетелдіктер туралы» заңға түзетулер енгізеді.
Жаңа ережеге сәйкес, енді түркі елдерінің азаматтары Түркияда ресми түрде жұмыс істей алады. Мемлекеттік мекемелерде де, жеке секторда да, сондай-ақ қолөнер мен кәсіби қызмет салаларында түрік азаматтарымен тең құқықта еңбек етуге мүмкіндік алады.
Жұмыс істеу үшін азаматта тұруға рұқсат болуы, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмеуі, дипломының баламалылығы мен түркі қауымдастығына тиесілі екенін растауы қажет.
Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім — түркі мемлекеттерінің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі және соңғы жылдары Анкара көтеріп жүрген бірлік пен бауырластық идеясының нақты жүзеге асуы болып табылады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер