29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкент полицейлері Түркістаннан көлік ұрлап келе жатқан жас жігітті құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, Қала аумағында түнгі кезекшілікке түскен патрульдік полицияның №883 автоэкипажы Айбергенов көшесінің бойында Lada-21114 көлігін тоқтатты. Жүргізуші маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспағаны үшін көзге түскен. Тәртіп сақшылары жас жігіттің жеке құжаттарын тексеру барысында жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады.
Аталған құқық бұзушылық үшін 20 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар көрші аймақтағы әріптестер жіберген бағыттамаға сәйкес полицейлер көліктің Түркістан облысындағы үйдің ауласынан жарты тәуліктен аз уақыт бұрын ұрланғанын анықтады.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобын шақырды. Көлік тәркіленіп, ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда көлік заңды иесіне қайтару үшін Түркістан облысының тәртіп сақшыларына берілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек