10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысы Ордабасы ауданында 35 жастағы тұрғын көлік ұрлығына күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам кешкі уақытта көшеде кілттенбеген көлікті байқап, діттеген жеріне жету үшін айдап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде көлік ұрлығына қатысы бар 35 жастағы тұрғын қолға түсті. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары күдіктіні «Opel Vectra» маркалы көлігін Шымкент-Түркістан тас жолы бойынан айдап бара жатқан жерінен ұстады.
Ұрланған көлік тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды.
Полицейлер оның тағы бір автокөлікті айдап кету қылмысына қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді