10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытындысы белгілі болды. Білім сайысында түркістандық оқушылар үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиаданың соңғы кезеңіне облысымыздан 41 оқушы қатысып, оның ішінде 23 оқушы жеңімпаз болды. Түркістан облысының қоржыны 7 алтын, 4 күміс, 12 қола медальмен толықты. Бұл балалар – өңірдің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар. Жалпы есепте Түркістан облысының оқушыларына “Ең үздік олимпиадалық команда - 2024” атағы берілді.
Айта кетсек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тікелей тапсырмасымен ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Олимпиаданың бірінші облыстық кезеңіне 900-ге жуық оқушы қатысып, олардың 71-і олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған. Оның ішінде 41 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт, 30 оқушы гуманитарлық бағыт бойынша республикалық кезеңге өтті. Бұл ауыл оқушыларының интеллектуалдық жарыстарға деген қызығушылығының артып, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді