Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дильнура Каримжанова әлемдік университеттердін «QS» рейтингісінде топ 50-ге кіретін беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кентаулық жас дарынға грант ұсынғандар қатарында Азияның үздік университеттерінің бірі - Гонконг политехникалық университеті, АҚШ-тың “Lynn University” оқу орны, Дүнежүзінде ең үздік оқу орны саналатын “New York University Shanghai” филиалы бар. Сондай-ақ, дүниежүзілік үздік 20 оқу орнының қатарына кіретін “CityU Hong Kong”университеті, “Hong Kong Baptiste University”, “Hong Kong University”, ”Simmons University”, ”NSU Florida” мен “Saint Mary’s College of California” сынды оқу орындарынан да шақыртулар түскен.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Дильнура Каримжанова бастауыш білімді Кентау қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында бастаған. Ол “Болашақ” бағдарламасы бойынша БАӘ университеттеріне және басқа да әлемнің үздік университеттеріне құжат тапсырып, нәтижелерін күтуде.
Өзі биология саласы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді