20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Жетісай ауданының диқаны қауынның алғашқы легін Ресейге экспорттқа жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат аенттігі.
Жергілікті шаруалар биыл 79,3 мың гектар суармалы жердің 43 мың гектарына – мақта шитін сепсе, 16,7 мың гектар жерге –бақша, 7,5 мың жерге –дәндік жүгері, 3,6 мың га жерге – көкөніс, 6,7 мың гектар алқапқа – мал азықтығы дақылдарын еккен. Бүгінгі күнде көкөніс дақылдарынан 36 мың тонна өнім жиналған. Одан бөлек, егістік алқаптарда егілген қауынның алғашқы өнімі пісіп те үлгерген.
Соңғы 15 жылдан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан жетісайлық шаруа Әл-Фараби Күзенбаев Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 50 гектар жеріне қауынның «Нұр-Бакинка» және «Дампера» сорттарын ексе, 250 гектарына мақта шитін сепкен. Жылдағы әдеті бойынша биыл да бақша өнімдерін өзгелерден ерте нарыққа шығарып отыр. Енді сұранысқа сәйкес Ресейге 100 тонна қауынды экспорттап жатыр. Бағасы келісіне - 400 теңге.
Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл ертелеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан тапшылық сезілмеді. Алғашқы өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Ешқандай делдалсыз өнімді егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жібереміз,-деді шаруа қожалығының төрағасы.
Бүгінде 30-ға тарта жергілікті тұрғынды уақытша жұмыспен қамтып, күніне 8–12 мың теңге аралығында ақы төлеп отырған Әл-Фараби Анарбайұлы орта есеппен гектарынан 400 центнерден өнім алуды жоспарлауда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?