30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысы Төлеби ауданында бастауыш сынып оқушысы қырғауылды үй жағдайында зерттеп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудан орталығы Леңгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Балару Әділхасым қырғауылды үй жағдайында жыл бойы өсіріп, көбейтуге болатынына көз жеткізіп отыр.
Түркістан облыстық білім басқармасының хабарлауынша, бастауыш оқушысы Баларудың үйде қырғауыл өсіруге деген қызығушылығы ата-анасы тарапынан қолдау тапқан. Ал оқушының құстың бұл түрін зерттеуге деген ынтасын ұстазы, тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Зәуре Көкеева оятқан.
Мен алтын түсті қырғауылды үй жағдайында зерттей отырып, бұл құсты жылдың әр мезгілінде өсірудің ерекшеліктерін білдім. Осылайша қырғауылдарды азықтандыруды, біртіндеп көбейтуді үйрендім. Жан-жақты оқып, зерттей жүріп бұл құсты өсірудің шығыны мен пайдасын анықтадым. Қазіргі кезде үйімізде жиырмаға жуық қырғауылымыз бар, - дейді Балару Әділхасым.
Оқи отырыңыз:
Бір айта кетерлігі, жас зерттеушінің «Қырғауылды үй жағдайында өсіру және көбейту» жобасы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде экология секциясы бойынша І-орынды жеңіп алған. Нәтижесінде оқушы қызға республикалық кезеңге жолдама берілген.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды