Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Сырдария өзенінде орын алған оқыс оқиғадан қайғы жамылған әулеттің ата-аналарына, ет жақындарына көңіл айтты. Қайғыларына ортақтасып, құранға қатысты. Тиісті көмек көрсетіп, қажеттілігінше қолдау ұйымдастыру жүргізілетіндігін жеткізді.
Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бүгінде суған батқан 11 адамның 9-ы табылып, жаназасы шығарылып, жер қойнына тапсырылды. Оқыс оқиғаға орай Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, құтқарушылар, аудан әкімдігі мен орман шаруашылығы және еріктілер жолданып, бірден іздестіру шараларына кірісті. Мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауына алынып, тиісті үйлестіру жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.
Құтқарушылар мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы бұл жерге суға түсуге болмайтындығы жайлы жан-жақты ескертулер жүргізген. Анықталғандай, мұндай түсіндіру жұмыстарына дәл осы әулет те қатысқан. Алайда, рұқсат етілмеген орында шомылудың зардабы мен сақтық шараларын ескермеудің салдары осындай жағдайға ұласып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?