20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Түркістан» жоғары көпсалалы медициналық колледжінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң мәселелері бойынша түсінік беру және құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстыру.
Суреттер: Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы»
Кездесуге Түркістан облысының адвокаты Бекжан Қыдырбаев, Түркістан облысының жеке сот орындаушы Дәурен Бектібаев, Түркістан облысының нотариус маманы Гулхаё Раметова мен Түркістан облысының Әділет департаментінің маманы Сәбит Тәңірбергенов қатысты. Олар өз салалары бойынша жастарға маңызды ақпараттар беріп, заң мен құқықтық нормалар туралы әңгімеледі.
Спикерлер жастарға заңды білудің, өз құқықтарын қорғаудың маңыздылығын, адвокат қызметінің негізгі аспектілерін, құқықтық көмек көрсету тәсілдерін баяндап, жастарды құқықтық тәртіпті сақтау, заңнамаларды білу және құқықтарын қорғау жөнінде кеңестер берді.
Басқосу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл шара жастарға құқықтық білімдерін арттыруға, заң мен тәртіпті түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жастар арасында құқықтық сауаттылықты жоғарылатуға ықпал етеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?