29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістанда жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Алматы - Шымкент автожолының 667 шақырымында үйлену той кортежінен бірнеше автомобиль жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтаған.
Белгілі болғандай, Сайрам ауданының тұрғыны үйлену тойын өткізу үшін 10-ға жуық автокөлік жалдаған. Олардың жүргізушілері жол ережесін өрескел бұза отырып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына кедергі келтіріп, апаттық жағдай туғызған. Қазіргі уақытта барлық жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды, - деп жазылған ІІМ хабарламасында.
Кейін аталған автомобильдер айыптұрағына қойылды. Сондай-ақ ұйымдастырушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бұл ретте полиция барлық азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады, сондай-ақ ереже бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп отыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек