Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрілеу жұмыстарын халыққа көрсету мақсатында өңірде БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер Арыс қаласындағы Байырқұм ауылына барды.
Бүгінде Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Отырар, Шардара, Мақтаарал, Келес аудандарында дезинсекция жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірде дәрілеу және ғылыми сүйемелдеу жұмыстары үшін облыстық бюджет есебінен 655 млн теңге бөлінген. Аталған бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін 42 техника, 96 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда 10 мың тоннадан астам биологиялық бактицид препаратын суға себу жұмыстары жүргізілген,- деді облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Дәулетқұл Тайшыман.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыста шіркейлермен күресу үшін ақпан айынан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Одан бөлек наурыз-сәуір айларында алғашқы биологиялық дәрілер суға себілген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді