Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістанда Қазақ-Корей бірлескен университеті ғимаратының құрылысы жалғасып жатыр. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу тапсырмасына орай қолға алынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, нысанның қазіргі жай-күйімен танысты. Жауапты басшылар мен мердігер компания басшысымен пікір алмасып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдады.
Ғимарат биыл аяқталып, оқу жылына толық дайын болуы тиіс. Ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарымен де біраз уақыт кетеді. Сондықтан құрылыс қарқынын төмендетпей, сапалы әрі жүйелі атқарыңыздар, – деген Нұралхан Көшеров.
Бүгінде ғимараттың құрылысы қарқынды. Сыртын қаптау, терезелерін орнату жұмыстары жүруде. Нысан тамыз айында тапсырылады деп жоспарланған. Бірақ мамыр айына дейін аяқтап, тапсыру көзделіп отыр. Жұмысшылар саны да жеткілікті, құрылыс қарқынды.
Айта кетейік, былтыр жауапты министрлік және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Кореяның 70 жылдық тарихы бар Woosong университеті басшылығымен келіссөздер жргізілген болатын. Нәтижесінде Түркістанда аталған оқу ордасының филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл жоғары оқу орнында ІТ және өзге де техникалық мамандарды даярлау жоспарланып отыр. Өндіріске, ауыл шаруашылығын жаңаша бағытта дамытуға қажетті мамандарды даярлау да жоспарға енгізілген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді