20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістанда қайтарымсыз ақша алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Келес аудандандық полиция бөліміне жергілікті ауыл тұрғындары шағымданған. Жәбірленушілер өз арызында белгісіз біреудің қайтарымсыз ақша алуға көмектесемін деп сендірген.
Анықталғандай, алаяқ олардың әрқайсысынан 50-ден 100 мың теңгеге дейін мөлшерде ақша алған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел-іздестіру тобы қылмысты ашу мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қабылданған шаралардың нәтижесінде қысқа мерзім ішінде күдіктіні анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді.
Тергеу күдіктінің алаяқтық қылмысының 5 дерегіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі шамамен 400 мың теңгені құрады. Алынған ақшаны сезікті өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?