2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр2022-2023 жылдар аралығында Түркістан облысында полиция қызметкерлеріне пара берудің 9 дерегі әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен 2022-2023 жылдар аралығында полиция қызметкерлеріне пара берудің 9 дерегі әшкереленді. Аталған қылмыстық істер бойынша кінәлі азаматтар ҚР ҚК-нің 367-бабы (Пара беру) бойынша сотпен жауапкершілікке тартылды.
Мәселен Түркістан қалалық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) ісі бойынша күдікті лауазымды тұлғаларға пара беруге оқталған. Бұл бойынша полиция қызметкері өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, заңға сәйкес шаралар атқарылған. Тағы осындай жайттың бірі трассада орын алған. Яғни “Шымкент-Самара” тас жолы бойында патрульдік полиция қызметкері жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатады. Оның құжаттарын тексеріп, әкімшілік шара көру кезінде жүргізуші хаттама толтырмауы үшін полицейге пара ұсынған. Бұл бойынша да тиісті шаралар атқарылып, жинақталған іс құжаттар сотқа жолданған.
Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің арасында теріс пиғылымен, тұрғындардың пара беру қылмысымен күресті күшейтіп жатыр. Заң талаптарына сай, пара алушы да, беруші де қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Пара беру қылмысы үшін, ең ауыр жаза ретінде 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу қарастырылған.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова