7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында болған. Аудандық мәслихат депутаты Яссауи Мүслім ауылдасы Мұстафа Әлжановты жұрттың көзінше сабаған. Кикілжіңге кәсіпкердің малы себеп болған. Яғни, 150 бас ірі қараны ауыл ішіндегі қораға әкелгеніне тұрғындар наразылық танытқан. Бұл іске халық қалаулысы араласып, арты төбелеске ұласқан. Оңбай таяқ жеген кәсіпкер оншақты күн ауруханаға жатып шығып, полицияға арыз түсірген. Алайда, депутат кінәсін мойындамаған.
Оқи отырыңыз:
45 жастағы жәбірленуші депутаттың лайықты жаза алатынына сенбейді. Өз кезегінде, басы дауға қалған депутат Яссауи Мүслім ұрмақ түгілі саусағым да тиген жоқ деп ақталды.
Бірбіріміздің жағамыздан ұстастық, мен қолымды итеріп жіберіп едім, құлады, болды, бетпен құлады. Сөйтіп тұрды, қасы жыртылды, екеуміз екі жаққа бұрылдық та кеттік. Ол кісі мен саған көрсетем деді, мейлі оны өзіңіз білесіз дедім, - дейді депутат.
Қазір, бұл іс бойынша аудандық полиция басқармасы "денсаулыққа орташа дәрежелі зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?