29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістан облысының полицейлері көлік жүргізушісінен 2 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, патрульдік полиция батальоны және Түлкібас ауданының инспекторлары бірлесіп, арнайы операция нәтижесінде есірткі тасымалдаған күдіктіні анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 594-шақырымында Түлкібас ауданы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ автөкөлігі тоқтатылды. Жедел уәкілдер тінту кезінде автокөлік салонынан арнайы хош иісі бар өсімдік тектес есірткі заты бар қапшықты тапты.
Алынған зат сараптамаға жіберіліп, қорытындысы бойынша қапшықтың ішіндегі 2 келіден асатын марихуана болып шықты.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек