30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысы Кентау қаласында есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды. Күдікті ретінде теріс діни ағымның өкілдері ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті дәстүрлі емес деструктивті діни ағымды ұстанушыларына қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Прокуратура хабарлауынша, А. және Д. есімді азаматтар заңсыз қару сақтаумен, есірткі құралдарын таратумен айналысқан. Тексеру кезінде есірткі зертханасы жағдайында ацетилдендірілген опий жасанды есірткі заттарын тарату және дайындау фактісі тіркелді.
Есірткі зертханасы Кентау қаласында орналасқан. Зертхананы тінту кезінде таратуға дайындалған 10мл-ден 2 флакон опий, марихуана және опий дайындауға арналған химиялық заттар, арнайы жабдықтар, сондай-ақ атыс қаруы табылды. Сонымен қатар діни әдебиет тәркіленіп, тиісті сот сараптамасы тағайындалды. Бұл факт СДТБ-не Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 2-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Сот санкциясымен үсталғандар қамауға алынды.
Оқи отырыңыз:
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды