Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркістан облысы Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің жақын туысы болып шықты. Оқиға болған күні күдікті туысымен бірге қонақта бірге болған. Ол осы сәтті пайдаланып, жұмыстарым бар деп жиыннан ерте шығып кетіп, үйге ұрлыққа түскен. Күдікті қоршаудан секіріп өтіп, үйге терезе арқылы кірген. Содан жатын бөлмеден құны 2 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарды жымқырып, ұрлығын жасыру мақсатында басқосқан үйге қайта барған. Ертеңіне алтындарды ломбардқа 800 мың теңгеге өткізіп жіберген.
Тәртіп сақшылары қолды еткен заттарды тәркілеп алып, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады