Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысында мәслихат депутатына шабуыл жасалды. Бір топ бұзақы Руслан Насыровты дәл үйінің алдында оңбай сабап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
КТК телеарнасының хабарлауынша, түнде тойдан қайтып келген халық қалаулысын есік алдынан он шақты жігіт күтіп алыпты. Көп әңгімеге келместен, ашулы топ мәслихат депутатына жұдырық ала жүгірген. Оның таяқ жеп жатқаны аулаға қойылған бейнекамераға түсіп қалыпты. Руслан Насыровтың айтуынша, бұл кикілжіңге жер дауы себеп. «Заңсыз жер телімдерін қайтарғаным бұрынғы депутатқа ұнамай қалды» дейді.
Төбелеске қатысқандар саны көп болғанымен, бұл екі адамның арасындағы араздық дейді полицейлер. Қазір қос бірдей баппен қылмыстық іс қозғалып, төбелеске қатысқандардан жауап алынып жатыр.
Жанжал кезінде олардың бірі екіншісін ұрып, мүлікті бүлдіргенін айтып көрсеткен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Аталған жайт ҚР ҚК екі бірдей бабымен тіркелді. Айғақ зат ретінде бейнежазба алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, - деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдіжаппар.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер