Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Түркістан тұрғыны өзгенің атына онлайн несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданды. Жәбірленуші қала көшелерінің бірінде белгісіз адам телефонын пайдаланып, оған заңсыз онлайн-несие рәсімдегенін хабарлады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі шамамен миллион теңге екені анықталды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Сезікті Сарыағаш ауданының тұрғыны.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бұл әрекетін толық мойындады. Жас жігіттің басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары