Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
БАҚ-та тараған бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі де растады.
Марат Әлиханов 1965 жылы дүниеге келген.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған.
Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.
ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.
Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.
Түркістан облысының прокуроры болып 2020 жылғы 19 ақпанда тағайындалған болатын.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер