20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Төлеби ауданында "Мектепке жол" акциясы аясында 100 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық «Нұр» мешітінде «Білімді ұрпақ - ел болашағы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс барысында мешітте тіркелген 100 оқушыға оқуға қажетті құралдар салынған мектеп сөмкелері үлестірілді.
Аталмыш бастама «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорының тікелей демеушілігімен жүзеге асқан. Төлеби ауданының бас имамы Үсен Сауырбаев қор басшылығына алғыс айтты.
Айта кетейік, игі шара жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?