30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысының Созақ ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің ескі ғимараты Жаңа «Келешек мектеп» ғимаратына ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұрынғы ғимарат 1961 жылы салынып, 1962 жылдан бері пайдаланылып келген болатын. Уақыт өте келе ғимарат апатты деп танылып, оның орнына Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа, заманауи оқу ордасы салынып отыр. Қазіргі жаңа «Келешек мектеп» ғимараты 900 оқушыға арналған. Бүгінде мұнда 1300-ден астам бала екі ауысымда білім алып жатыр.
Мектептің басты ерекшелігі – білім беру үдерісіне барынша қолайлы жағдай жасалғаны. Кең әрі жарық сынып бөлмелері, заманауи жиһаздар мен оқыту құралдары, қауіпсіздік жүйесі және инклюзивті ортаға бейімделген инфрақұрылым – бәрі де оқушылардың сапалы білім алуына бағытталған.
Білім ордасында 64 оқу кабинеті, спорт залы, акт залы және асхана толық жабдықталған. Мектептің материалдық-техникалық базасы жаңа деңгейге көтерілді. Ішінде интернетке қосылған 5 арнайы компьютер кабинеті бар. Сондай-ақ оқу үдерісін цифрландыру мақсатында 64 интерактивті тақта орнатылды.
Бүгінде 120-дан астам жоғары білімді педагог шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Ұжымда тәжірибелі зерттеуші, сарапшы, модератор және шебер педагогтер қызмет атқарады. Олардың кәсіби дамуына және оқыту сапасын арттыруға барлық мүмкіндік қарастырылған.
Жаңа «Келешек мектеп» ғимаратының ашылуы – Созақ ауданының білім беру жүйесіндегі маңызды жаңару. Бұл жоба өңірдегі балаларға заманауи жағдайда білім алуға, ұстаздарға қолайлы еңбек етуге мүмкіндік беріп отыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды