10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысында 2023 жылдан бастап банан өсіретін бірегей жылыжай кешені жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, жобаны «GenGroupKazakhstan» компаниясы жүзеге асырды. Ол заманауи жылыжайларды құрумен айналысады және әртүрлі ауыл және тропикалық дақылдарын өсіреді.
Инвесторлар Түркияның ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесін зерттеді. Бұл ретте климаттық жағдайларға төзімділік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ауа райы жағдайлары мен топырақтың сипаттамаларын мұқият талдағаннан кейін Түркістан облысының Сайрам ауданында банан өсіру туралы шешім қабылданды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар 5 га алқаптағы алғашқы жылыжай 2023 жылдың маусымында пайдалануға берілді. 2024 жылдың мамыр айының соңында алғашқы өнімдер жиналды.
Қазіргі уақытта «GenGroupKazakhstan» компаниясы қызанақ пен құлпынай өсіретін жаңа жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Ауданы 6 га жаңа жылыжайдың қуаттылығы - 3 мың тонна қызанақ, 130 тонна құлпынай өсіруге қарастырылған. Жобаның жалпы құны 13,4 млрд теңгеге бағаланады, ал жобаларды іске асыру 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, - деп қсоты министрлік.
Сондай-ақ қазіргі уақытта 10 га ашық жерге манго, авокадо және көкжидек өсіру жобасы әзірленуде.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді