20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысында жыл басынан бері жануарлардан зардап шеккен 1 297 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Жарақаттанғандардың мыңға жуығын ит қапқан. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов айтты.
Спикердің сөзінше, Түркістан облысы құтыру ауруынан қауіптілігі жоғары аймақтар қатарына жатады. Өңірде жануарлар арасында құтыру ауруының алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Биыл 3 айда жануарлардан зардап шеккен 1 297 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 847-і белгілі бола, 450-і белгісіз жануарлардан зардап шеккен. Жарақаттанғандардың 976-ы иттен, 217-і мысықтан, 50-і жылқыдан, 5-і мүйізді ірі қара малдан, 49-ы жабайы жануарлар мен кеміргіштерден зиян көрген. Яғни, жарақат алудың 96,2% үй жануарларының үлесіне тиесілі. Айта кетсек, биыл өңір тұрғындары арасында құтыру ауруы тіркелмеді,- деді Нұрбек Нышанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ал облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбайдың айтуынша, өңірде қаңғыбас ит пен мысықтарды оқшаулары жұмыстары басталып кеткен. Жоспар бойынша биыл облыста 41,3 мың бас қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күнге 12,9 мың бас қаңғыбас ит-мысықтар оқшауланған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?