Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім даяшы болып жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті.
Онда қызының сағат 13:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткенін көрсеткен. Бойжеткеннің ата-анасы өз бетінше екі күн бойы іздеген, алайда еш нәтиже шықпаған. Содан соң полиция қызметкерлеріне арызданып, көмек сұраған. Полиция қызметкерлері бірден бойжеткен қызды іздеуге бағытталған шаралардың барлығын атқарды. Таныстарының, туыстарының үйлерін жіті бақылап, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.
Соның нәтижесінде 1 тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, 400 км қашықтықта орналасқан Жетісай қаласында даяшы болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған әкесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер