20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысының полицейлері тұрғындардан тіркелмеген 13 қару тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 тәулігінде 13 тіркелмеген қару, оның ішінде 7 шолақ мылтық, 1 ойық ұңғылы мылтық, 3 травматикалық тапанша және 6 патрон тәркіледі.
Мәселен, полицейлер Кентау қаласынан қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. Жедел уәкілдер қала тұрғынының үйінің жертөлесін тексеру кезінде 16 калибрлі шолақ мылтық тауып, тәркілеп алды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінің бірінен ВАЗ автокөлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде Түркістан қаласының тұрғынынан тіркелмеген травматикалық тапанша табылды. Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді, - делінген мәліметте.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Тәркіленген заңсыз сақталған қару сараптамаға жіберілді.
Бұдан басқа ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабымен құқық бұзушыларға 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен 48 және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен 9 құқық бұзушы жауапқа тартылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?