10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысында телефон қуаттағышынан тоқ ұрып, үш бала қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желіде таралған ақпараттың фейк екенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірқатар Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығышнан тоқ ұрып, үш баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат таратылды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ, - делінген ақпаратта.
Министрлік дүрбелең мен түсінбеушілік тудыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ресми ақпарат көздерін ұстанып, тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді