Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шығып, 56 жастағы турист төменге құлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға таудың басынан түсіп келе жатқанда болған. 5 шілдеде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстарын жаяу жүру арқылы да, авиатехниканы тартумен де жүргізуге мүмкіндік болмады.
Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Қасқасу кемпингінде Түркістан облысы полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД, Шымкент қаласы Альпинизм және спорттық туризм федерациясы қызметкерлерінен штаб ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданды.
Бүгін таңғы сағат 6.30-дан бастап ТЖД Жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және альпинизм федерациясынан 4 альпинист іздеу жұмыстарына жіберілгені мәлім болды.
Құрылған штабтан оқиға орнына дейінгі жалпы арақашықтық 15 км құрайды. Тау шатқалдарының тік орналасуына және табиғи кедергілердің көп болуына байланысты құтқару-іздестіру жұмыстары созылуы мүмкін. Іздестіру жұмыстарына қосымша Сайрам-Өгем ұлттық паркінің орманшыларынан ат патрульдері тартылатын болады. Құтқарушылар альпинисттік құрал-саймандармен, спутниктік телефондармен, радиобайланыс құралдарымен және 3 тәулікке жететін азық-түлікпен қамтамасыз етілді, - деп жазылған Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер